Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Встреча с однаклассником Президента Республики Казахстан Садуакасом Есимбай
Информация к новости
  • Просмотров: 156
  • Автор: admin
  • Дата: 7-12-2018, 18:18
7-12-2018, 18:18

Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыныптасы Сәдуақас Есімбаймен кездесу

Категория: Новости

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебінде «Тұңғыш Президент күні» мерекесіне орай жеке құраммен Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сыныптасы Сәдуақас Есімбаймен кездесу өтті.

Кездесудің мақсаты 1-желтоқсан Тұңғыш Президент күні мерекесінің мәнін ашу. Қазақ халқының тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың балалық шағы, өмір жолы мен шығармашылыққа толы атқарылған істері туралы, туып өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру, сол сияқты Елбасының ел үшін жасаған істерін үлгі – өнеге ету. Тәрбиеленушілерді өз Отанын, халқын сүйетін азамат болып өсуге, елжандылыққа, ержүректілікке, азаматтыққа, патриоттық сезімге тәрбиелеу.

Кездесу барысында Сәдуақас аға өз сөзін алғаш Сұлтанмен (Нұрсұлтанмен) 1945 жылы қалай танысқанынан бастады. Екі жылдан кейін сол кездегі Қаскелең ауданындағы мектепке бірінші сыныпқа барғанын, он жыл бойы жұптары жазылмай бірге оқығандарын, Елбасының балалық шағын, ата-анасы, ұстазы туралы айтып берді. Тәрбиеленушілерде өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып оған толық жауаптарын алды.

Сонымен бірге Сәдуақас аға, өзінің сыныптасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың – ата-анасын қатты құрмет тұтқан, ұлттық дәстүрде тәрбиеленген, халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихы мен мәдениетін, әдет-ғұрпы мен салт-дәстүрін, жетік білетін, ұлтын жан тәнімен сүйетін, оның мәртебесін өсіріп, халқының үміті мен сенімін, ақтап келе жатқан қалың елінің жанашыры, мұңдасы, тағдырласы бола білген ұлтжанды азамат екенін жеке құрамға түрлі бастарынан өткен оқиғаларынан мысалдар келтіре отырып жеткізе білді.

Кездесу соңында Сәдуақас аға «Үшқоңыр – алтын бесігім» атты кітаптарын ең жақсы сұрақ қойған тәрбиеленушілерге өз қолтаңбасымен таратып сол сияқты мектептің кітапханасының қорына дааталған кітапты сыйға тартты.

Кездесу мектептің жеке құрамымен естелікке суретке түсумен аяқталды. Кездесу қызықты және әсерлі өтті.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер