Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » «Семь граней Великой степи»
Информация к новости
  • Просмотров: 83
  • Автор: admin
  • Дата: 24-12-2018, 08:16
24-12-2018, 08:16

«Ұлы даланың жеті қыры»

Категория: Новости

 

14 желтоқсан күні генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Мұхамеджан Тазабекпен кездесу өткізілді. Кездесудің мақсаты жеке құрамның бойында Қазақстанның өткені мен бүгінгі өмірін салыстыра отырып «Ұлы даланың жеті қыры» атты Елбасы мақаласын талқылау, мектеп тәрбиеленушілеріне Қазақстанның болашақ дамуына өзіндік үлес қосатын жеке тұлға екендіктерін ұғындыру. Жеке құрамның ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, өткен тарихқа деген қызығушылығын ояту.

. Іс шара барысында Мұхамеджан Тазабек мырза қазақ халқының Тәуелсіздік жолындағы ерлік күресі мен ғасырлар бойы басынан өткен қиыншылықтарын айта келіп, осы қиын жылдары елдің азаттығын, еркіндікті аңсаған ата-бабамыз туралы және қазақ елінің өткені, бүгіні, болашағы жайлы тәрбиеленушілерге әрбір азамат туған жерінің тарихын білуге, құндылықтарын қастерлеп, дамуына өз үлесін қосу қажет деген міндетті қойып отыр деп түсіндірді.

Қазақ халқының сан ғасырлар бойы жинақтаған мол тәжірибесі, танымдық мұрасы мен дүниетанымы, салт-дәстүрі, әдет-ғұрыпы, өлең-жырлары, ұлттық ойындары, музыкалық мұрасы, аспаптары баға жетпес асыл қазына. Сол тарихи әрі рухани байлықты сақтап, әрі қарай дамыту да міндеті тұр. Ұлы дала кеңістігінен шыққан өркениеттік жетістіктерді ұмытпау әрі дәріптеу – келер ұрпақтың үлесінде екенінде айтып өтті.

Ұландар өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты, Кездесу барысында 3 оқу рота ұландары Жәнібек, Балықбай күй тартып сергітсе, 1 сынып оқушысы Ідіріс Інжу «Дін ислам діңгегім» атты Мұхамеджан ағаның өлеңін жатқа айтып көрермендерді тәнті етті.

Кездесу соңында Мұхамеджан Тазабек мектептің жеке құрамын Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтап, «Тәрбие тал бесіктен» демекші ұлттық болмысымызды сақтау үшін бала тәрбиесіне ертеден ерекше мән берген. Қазіргі уақыт ағымымен көгілдір экрансыз, ғаламторсыз өмір сүре алмайтын дәрежеге жеткен балаларға «Өз ұлтыңның мәдениетін, әдебиетін, тарихын, ұлттық құндылықтарын білу қажет» деген тілек білдірді.

Мектеп басшылығы өз кезегінде жастардың бойында ұлттық намыс, ұлттық сана – сезім, рухани байлықты дәріптеудегі еңбегіне табыс тілеп, ақын ағамыздың иығына мектептің жеке құрамы атынан шапан жапты.

 


Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер