Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Жаңа жылдық шырша
Информация к новости
  • Просмотров: 434
  • Автор: admin
  • Дата: 25-12-2018, 10:00
25-12-2018, 10:00

Жаңа жылдық шырша

Категория: Новости

Дәстүрге сай Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің ұйымдастыруымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілеріне ҚР Қарулы Күштерінің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында жаңа жылдық шырша өткізілді. Жаңа жылдық шыршаға Алматы, Астана, Қарағанды, Шымкент қалаларының «Жас ұлан» мектептерінен 35 тәрбиеленуші қатысты. Жаңа жыл мерекесімен Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрінің атынан құттықтауға арнайы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхтаров Талғат Сәбитұлы келіп, тәрбиеленушілерге зор денсаулық, оқуда озат болуларына, алдағы уақытта жоғарғы әскери оқу орындарында білім алып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерініңофицері қатарын толықтыруларына тілектестік білдіріп, тәрбиеленушілерге сыйлық табыс етті. Ал өз кезегінде ұлан Тезекбай Ернар, тәрбиеленушілер атынан ұйымдастырылған мерекеге, жасап жатқан қамқорлықтарына рахметін айтып, болашақта елімізге аянбай қызмет етеміз деп сенім білдірді.

Жаңа жылдық кеш барысында концерттік бағдарламамен мерекелік дастархан жайылып, мерекенің басты кейіпкерлері Аяз ата мен Ақша қармен ойын ойнатылып, естелікке суретке түсіп жаңа жыл өте қызықты өтті.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер