Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Равнение на героев
Информация к новости
  • Просмотров: 211
  • Автор: admin
  • Дата: 9-01-2019, 11:40
9-01-2019, 11:40

Әскери қызметкерлерді құрметті демалысқа шығарып салды

Категория: Новости

Генерал С.Қ. Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің жеке құрамы мектеп бастығының орынбасары- тәрбие және идеологиялық бөлімінің бастығы подполковник А.Қ. Жарбосынов пен рота командирі майор С.К. Куанышевты құрметті демалысқа шығарып салды.

1989 – 1991 жылдарында подполковник Амантай Жарбосынов жедел әскери қызметін Кеңес Одағында Қиыр Шығыста атқарды. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына 2001 жылы келіп, 68462 әскери бөліміне рота командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары қызметінен бастап, тәрбие бөлімінде аға офицер, әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстары жөніндегі орынбасары сынды лауазымдарды атқарды. Әскери білім беру және тәрбие саласында тынымсыз еңбек етіп, осы жолда көп белес-биіктерден өткен жігерлі азамат. Бойындағы еңбекке адал, мақсатқа берік, ұйымшыл қасиеттерінің арқасында бүгінгі күнге дейін мектебіміздің ұжымын шебер басқара білді. Әріптестері Амантай Қалабайұлын іскер ұйымдастырушы, жарқын бастамалардың қолдаушысы ретінде ерекше бағалап, құрмет тұтады. Кәсіби шеберлікте жетістіктерге жетіп қана қоймай, өмірлік жары Гүлнар екеуі ұл мен қыз тәрбиеледі.

Әскериқызметшілерді құрмет демалысына шығарып салу іс шарасына арнайы Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері Бас штабы тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаменті, идеологиялық жұмыстар басқармасы, идеологиялық жұмыстар бөлімінің бастығы полковник Байсеитов Руслан Джусупназарұлы келіп Қарулы Күштері Бас штабы бастығының орынбасары генерал-майор М. Таласовтың атынан алғысын білдірді.

Сонымен бірге мектеп бастығы әділет полковнигі Т. Басхожаев мектептің тәрбие және әскери – әлеуметтік жұмыс жүйесі арқылы жауынгерлік жарысты ұйымдастыруға және мектеп ұжымын жұмылдыруда атқарған қызметіне өз алғысын білдіріп мақтау грамотасымен марапаттап, мектеп ұжымы атынан бағалы сыйлық табыс етті.

Майор Қуанышев Серік мерзімді қызметтегі әскери қызметшіден 2 оқу ротасының командиріне дейінгі жолынан өтті. 35 жыл әскери қызметшілер орналасқан жауынгерлік сапта, олардың басым бөлігін Қазақстан армиясының қалыптасуы мен дамуына арнады.

Іс шара соңында подполковник А. Жарбосынов және майор С. Куанышев сөз алып өз әріптестеріне, рота командирлері мен тәрбиеші офицерлерге, қызметкерлерге өзінің жүрекжарды лебізін білдіре отырып «Еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпаққа терең, мазмұнды білім беру мен ұлтын сүйер патриот азамат етіп тәрбиелеу – бүгінгі алға қойылған басты міндет. Ертеңгі ел тізгінін ұстар азаматтар – бүгінгі мектеп оқушысы, оның ішінде біздің жас ұландықтар да бар. Олай болса ұландарды тәрбиелеудегі еңбектеріңізге табыс, отбастарыңызға амандық тілеймін» деп ізгі ниеттерін білдірді.

Подполковник Амантай Жарбосынов Қазақстан армиясы құрылғанға дейін қызметін Кеңес Одағында мерзімді қызметтегі әскери қызметшіден бастаған, "подполковник"атағына дейін қызмет етті. II және III дәрежелі" Мінсіз қызмет үшін " медальдарымен марапатталған және басқа да көптеген медальдары бар. Майор Серік Қуанышев 07762 әскери бөлімінің жетекші операторынан қызмет атқарып, "майор" атағына дейін қызмет етті. I, II және III дәрежелі "Мінсіз қызмет үшін" медальдарымен марапатталған.



Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.
<
Virgiltat

Бүгін, 09:24

Информация к комментарию
  • Группа: Посетители
  • ICQ: 215784384
  • Регистрация: 19.03.2017
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 2

--------------------

<
Virgiltat

Бүгін, 15:39

Информация к комментарию
  • Группа: Посетители
  • ICQ: 215784384
  • Регистрация: 19.03.2017
  • Статус: Пользователь offline
  • Публикаций: 0
  • Комментариев: 2

--------------------

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер