20 жыл
» » Қазақстан Республиксы Қарулы Күштері құрылымдарының арасында «Тіл шебері – 2019» конкурсы өтті
Информация к новости
  • Просмотров: 1 031
  • Автор: admin
  • Дата: 3-05-2019, 09:55
3-05-2019, 09:55

Қазақстан Республиксы Қарулы Күштері құрылымдарының арасында «Тіл шебері – 2019» конкурсы өтті

Категория: Новости

2019 жылдың 26 сәуірінде ҚР ҚК Әкімшілік департаментінің ұйымдастыруымен Ұлттық әскери-патриоттық орталықтың акт залында
 21-30 жас аралығындағы үш тілді еркін меңгерген (қазақ, орыс, ағылшын тілдерін) ҚР ҚМ, БШ мен ҚК құрылымдық бөлімшелерінің жеке құрамы арасында «Тіл шебері – 2019» конкурсы өтті. Конкурс жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеуге, тіл мәдениетін жетілдіруге және әліпбиді латын графикасына көшіруді насихаттауға бағытталды.
Конкурсқа Ұлттық Қорғаныс университетінен, Халықаралық қатынастар департментінен, Ақпарат және коммуникация департаментінен, Әскери-теңіз күштерінен, Құрлық әскерлері мен Әуе қорғанысы күштерінен, Ұлттық әскери-патриоттық орталықтан, 68665 әскери бөлімінен, «Шығыс»   өңірлік қолбасшылықтарынан үш тілді еркін меңгерген жастар қатысты. Конкурс 4 кезеңге бөлінді: 1-кезең «Ұлттаным» қазақ тілінде қазақтың салт-дәстүрлерінен болған сұрақтарға 3 минутта нақты тақырыпты ашып, жауап беру, 2-кезең «Елтаным» қазақ елінің тарихы мен ұлы тұлғалары, киелі жерлері және Елбасының жолдаулары, мемлекеттік бағдарламалары, латын графикасындағы жаңа әліпбиге көшу маңызы бойынша сұрақтарға орыс және ағылшын тілдерінде жауап беру, 3-кезең «Полиглот» қазақ, орыс, ағылшын тілінде жаңылтпаштарды мүдірмей, жаңылмай айту, 4-кезең латын графикасындағы жаңа әліпбимен 1 минутта 10 сөз жазу және латын графикасындағы жаңа әліпбимен берілген өлеңді мәнерлеп оқу.
Конкурсты әділ бағалау үшін қазылар алқасы құрылды: ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Тілдік құзіреттілік секторының аға оқытушысы, педагогика ғылымдарының магистрі Г.Ж.Жұмағалиева, ҚР Есеп комитетінің мемлекеттік тілді дамыту секторының меңгерушісі Т.Ж.Ысқақова, ҚР Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығының Қазтест жүйесін дамыту басқармасының бастығы, педагогика ғылымдарының кандидаты М.Мұқаметқалиқызы, ҚР ҚК БШ Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник Қ.Қ.Мұғалов, ҚР ҚМ Әкімшілік департаментінің бастығы полковник Р.Ә.Бекқадамов. Конкурс соңында әділ қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар анықталды. Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Намазбек Жұлдыз Қайратқызы конкурстың 1-орын иегері атанып,  150 мың теңгелік сертификат пен Республикалық сайысқа жолдама берілді.
Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер