20 жыл
» » Соғылды соңғы қоңырау
Информация к новости
  • Просмотров: 952
  • Автор: admin
  • Дата: 29-05-2019, 14:46
29-05-2019, 14:46

Соғылды соңғы қоңырау

Категория: Новости

25 мамыр  - бұл барлық мектеп бітіруші түлектер үшін ерекше күн, толғаныс пен тебіреніске толы күн... Жүректері лүпілдей соғып, қимастықпен қатар қуаныш пен асқақ армандарға жетелейтін күн... 
Бүгін генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің алдында болашаққа қанат қаққалы отырған жас түлектер, «баламның ертеңі қандай болмақ» деп көңілдері толқулы ата-аналар,  өз шәкірттерін білім нәрімен сусындатудан талмайтын, еңбектерінің жемісіне көз тояттап қараған аяулы ұстаздар және осы жылдар ішінде ұландардың тұлға болып қалыптасуына, әскери тәртіп пен тәлім-тәрбиеге үйреткен әскери қызметшілер сап түзеп тұр.  
Дәстүр бойынша, әуелі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы енгізіліп, Әнұран орындалды. 
Алғашқы сөзді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас инспекциясының бастығы  генерал-лейтенант Халиков Амир Қасымбекұлы сөйледі. Одан кейін мектеп бастығы әділет полковнигі Басхожаев Тлеухан Қалилаұлы сөз сөйлеп, мектеп бітірушілерді және келген қонақтарды осы айтулы мерекемен құттықтап, алған білімдері мен тәрбиелерін келешекте өз пайдаларына тиімді қолданатындарына, еліміздің арқа сүйер азаматтары болатындарына кәміл сенетінін білдірді. Әрі қарай 1 оқу ротасының сынып жетекшісі Жақсыбаева Зағипа Жақсыбайқызы мектеп бітіруші түлектердің болашағына, алда тұрған сынақтардан сүрінбей өтулеріне сәттілік тіледі. 1 оқу ротасының ұланы  Идрис Асланбектің анасы Джумашова  Таңбибі Жайжанқызы мектеп ұжымының осы жылдардағы атқарған еңбектеріне, мемлекеттің өскелең ұрпақ үшін жасап жатқан қамқорлығына ата-аналар атынан шексіз алғысын жеткізіп, түлектерге ақ жол тілеп, аналық ақ батасын берді.
Мектебіміздің мақтанышы, оқу озаты, 1 оқу ротасының ұланы Нұрболатұлы Жасұлан жылы лебізбен аяулы ұстаздарына, жанашыр ағасындай болған рота командирлері мен сержанттарына жүрек жарды тілегін  айта келіп, сенім артқан үміттерді ақтайтындарын, осы мектепте оқығандарын мақтан ететіндерін, мектеп абыройын қашанда түсірмей жүретіндерін шынайы  көңілмен жеткізді.
Жылда мектеп  бітіруші түлектер  тілек жазып, ауаға шар ұшыру рәсімін орындау дәстүрге айналған еді.  Бүгінде осы дәстүрді жалғастырып,   мектеп түлектері ортаға шығып тілектер жазылған қағаздарын орап, ауаға шарларын ұшырды. 
Соңғы толқыныс, барлығымыздың назарымыз ортаға ауды, соңғы қоңырауды соғуға  1  оқу ротасының ұланы вице сержант Тулеуханов Алдияр және №79 мектеп-лицейінің 1 сынып оқушысы Құрманғазинов Бейбарыс Қайратұлы шақырылды. Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің 2019 жылғы 18-ші мектеп  бітіруші түлектері үшін соңғы қоңырау сыңғырлады...
Салтанатты жиын мектеп бітіруші түлектердің алтын ұя мектебіне арнаған ән-жырларын, сызылта билеген билерін, 3-сыныпты сержант А.Ашимов бастаған 4 оқу ротасының жеке құрамның қоян-қолтық күресін тамашалаумен жалғасын тапты.  Сондай-ақ жиын соңы әскери салт-дәстүр бойынша салтанатты шерумен аяқталды. 




Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер