20 жыл
» » Математика, физика және информатика пәндерінің он күндігі
Информация к новости
  • Просмотров: 956
  • Автор: admin
  • Дата: 12-11-2019, 10:18
12-11-2019, 10:18

Математика, физика және информатика пәндерінің он күндігі

Категория: Новости

21-31 қазан аралығында «Жас ұлан» республикалық мектебінде математика, информатика, физика (МИФ) пәндерінің апталығы өтті. МИФ апталығы аясында өткізілген іс-шаралардың барлығы оқытудың жаңа формасы негізінде жүргізілді. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілеттері мен сыни тұрғыдан ойлау дағдыларын сабақта және сыныптан тыс дамытуға, яғни, оқушылардың еркіндігін қалыптастыруға, өз ойын еркін жеткізуге мүмкіндік береді. Ашық сабақ және сыныптан тыс іс-шараларды өткізу мақсаты ұландардың пәндерге деген қызығушылығын арттыруға, математика, физика, информатика пәндерінің рөлі және өзара байланысы, пәндердің маңыздылығын көрсету болып табылады. Он күндік дайындығына барлық пән мұғалімдері қатысып, сабақ мазмұнын және апталық безендіруі ойластырылды. Апталық газет көрмесі, шығармашылық жұмыстар, «Геометриялық қала» тақырыбында макеттер дайындап, қызықты тапсырмалармен ашылды. Барлық қойылған жұмыстар мен ашық сабақтар «Нақты ғылымдар шексіз...» атты он күндік тақырыбымен өтті. 
Математика пәні бойынша сабақтар дайындап және өткізген мұғалімдер - Т.М. Балтабаева (11 «ж»), Ж.А. Алдажуманова .(10 «а»)
Физика пәні бойынша сабақтар дайындап және өткізген мұғалімдер - Г.Ж. Бегимова( 11 «д»), З.Б Шакир. (10 «а»). Г.А. Аубакирова 11 «г» сыныбымен физика пәнін ағылшын тілінде өткізіп, ұландардың қызығушылығын арттырды. Г.Р. Пармонова 10-11 сыныптармен «Жас ғалым»  тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізді. Сабақта ұландардың физика пәні бойынша әртүрлі тақырыпта зертханалық тәжірибелер орындап, ұландардың тапқырлығы мен білімділігін көрсетті.
Информатика пәнінен сабақ дайындап және өткізен мұғалімдер - Г.Ө. Ермагамбет. ( 10 «б») 
«Физикалық вирустар» тақырыбына сыныптан тыс іс-шараны дайындап, өткізген мұғалімдер – Г.А. Аубакирова және Г.Ө.Ермағамбет.
Сабақтар мен іс-шаралар өткізу кезінде түрлі үлгілер мен әдістер қарастырылды. Он күндікті дайындау және өткізу бойынша барлық жұмыстар шығармашылық және ынтымақтастық атмосферада өтті ,барлық ұландар мен пән мұғалімдерінің жұмыстары жоғары нәтижені көрсетті.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер