Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » День Школы
Информация к новости
  • Просмотров: 4019
  • Автор: admin
  • Дата: 4-11-2013, 10:35
4-11-2013, 10:35

Мектеп күні

Категория: Новости

«Жас ұлан» республикалық мектебінің барлық жеке құрамы үшін 4 қараша ерекше күн – Мектеп күні. Осы күні дәстүр бойынша тәрбиеленушілер салтанатты түрде «Ұлан антын» қабылдады.

 

2013 жылдың 4 қарашасында Қазақстан Республикасының 10 облысынан және Астана мен Алматы қалаларынан мектеп қабырғасына қабылданған 5 оқу ротасының 99 тәрбиеленушісі «Ұлан антын» қабылдау үшін сапқа тұрғызылды. Рота ұжымының құрамында халықтың барлық әлеуметтік топтарының өкілдері бірдей дәрежеде білім алуда. Олардың қатарында:

- 3 тәрбиеленуші – өмірден өткен әскери қызметшілердің ұлы;

- 3 тәрбиеленуші – асырап алынған;

- көп балалы отбасынан шыққан 16 тәрбиеленуші;

- ата-анасы мүгедектер қатарында 3 тәрбиеленуші;

- толық емес отбасынан шыққан 15 тәрбиеленуші;

Жоғарыда аталғандар рота жеке құрамының 40 пайызын құрайды.

 

Ол күні болашақ Отанымыздың қорғаушыларын құттықтауға 

 

- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Әскери білім және ғылым департаментінің бастығы полковник Көпбаев Қайрат Рашидұлы 

 

- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагері генерал-майор Носоновский Генадий Владимирович

 

- авиация генерал-майоры Сандыбаев Жиентай Ибрагимович

 

- Ұлы Отан соғысының ардагері Бекенов Кадан

 

- Астана қаласы, Ауған соғысының ардагерлері мен мүгедектері қоғамының төрағасы Амиржанов Муратбек Султанбекович

 

- мектеп түлектері мен ата-аналар келді.

 

Сонымен қатар ұландардың ант қабылдауымен құттықтауға қалалық және республикалық конкурстардың бірнеше жеңімпазы «Ақ шағала» би ансамблі келді. 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер