Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Новогодние мероприятия
Информация к новости
  • Просмотров: 3016
  • Автор: admin
  • Дата: 26-12-2013, 18:25
26-12-2013, 18:25

Жаңа жылдық іс-шаралар

Категория: Новости

Жыл сайын Жаңа жыл қарсаңында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінің  ұйымдастыруымен «Жас ұлан» республикалық мектебінің тәрбиеленушілерін мерекелік қабылдау рәсімі өткізіледі. Биыл да бұл дәстүр ерекшелігімен өз жалғасын тапты. Ерекшелігімен дейтініміз биыл Жаңа жылдық шырша «Думан» ойын сауық орталығында ұйымдастырылды. 

Салтанатты іс-шараны Қорғаныс министрінің бірінші орынбасары - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штабының бастығы генерал-полковник Сәкен Әділханұлы Жасұзақов ашты. Ол болашақ Отан қорғаушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтап, жаңа жылда жақсы білім алып, оқуда озат, тәртіпті  тәрбиелі болуларын тіледі. Ел Президенті - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың қамқорлығының арқасында әскери институттар мен мектептерде жоғары дәрежелі оқытушылар білім беруде, онда оқу-материалдық базасы мен заманауи стандарттарға сай жағдайлар жасалған. Сіздер бақыттысыздар. Елбасы,  сіздердің ертеңгі күні Отан қорғаны болатындарыңызға сенеді. Біраз жылдар өткен соң сіздер қазіргі жасөспірімдер - мемлекетімізге қызмет ететін боласыздар бұл өте үлкен жауапкершілік,-деп атап өтті. Тәрбиеленушілерге министрдің атынан сыйлықтар тапсырды. Осыдан соң 1 оқу рота ұланы Шәріпбек Бақберген мектеп ұландары атынан Қорғаныс министрлігінің жасап жатқан қамқорлығына шексіз алғысын білдіріп, оның сөзін осы оқу рота ұланы Рысбаев Мәди «Жаңа жыл» әнімен жалғастырса, ал 5 оқу рота ұланы Джуашев Данияр «Здравствуй, Дедушка Мороз» әнімен көрермендерді бір серпілтіп тастады. Әрі қарай тәрбиеленушілерге түрлі кейіпкерлермен ертегі көрсетіліп, ойын ойнатылып, жаңа жылдық от шашулар жағылып, тәтті үстелден дәм татылды. Сол сияқты әрбір ұланға «Думан» ойын сауық орталығындағы 5 Д кинотеатрына және океанариумға билеттер таратылып ұландардың қуанышында шек болмады. Соңында мектеп тәрбиеленушілері Жаңа жылдық шыршаны ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Штабтар бастықтары көмитетінің  төрағасы генерал-полковник С. Жасұзақов, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары - Тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы полковник М. Таласов, «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник М. Ботинмен бірге естелікке суретке түсті. Мұндай Жаңа жылдық шырша  мектеп тәрбиеленушілерінің естерінде ұзаққа қалары сөзсіз.

2013 жылдың 23 желтоқсан және 25 желтоқсан аралығында «Жас ұлан» республикалық мектебінің 1-5 оқу роталары (7-11 сынып оқушылары) арасында «Думан» ойын сауық орталығында Жаңа жылдық шырша ұйымдастырылды. Жаңа жылдық шыршада жоғарғы сынып оқушыларымен би кеші ұйымдастырылса, төменгі сынып оқушылары «Думан» ойын сауық орталығының әкімшілігімен ұйымдастырылған шоу бағдарламаларын тамашалап көңілдерін көтерді. Салтанатты жағдайда Аяз Ата және Ақшақармен бірге мектеп тәрбиеленушілері Жаңа жылдық шыршаның отын жақты. Жаңа жылдық шырша өте көңілді өткізілді. Осындай кешті ұйымдастырған мектеп басшылығына тәрбиеленушілердің алғысы шексіз.

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер