Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Посещение Республиканской школы «Жас улан» имени генерала Нурмагамбетова С.К. членами Комитета по международным отношениям, обороне и безопасности Сената Парламента Республики Казахстан
Информация к новости
  • Просмотров: 2938
  • Автор: admin
  • Дата: 30-01-2014, 18:08
30-01-2014, 18:08

Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебіне келуі

Категория: Новости

2014 жылғы 29 қаңтарда Қазақстан Республикасының  Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан жолы -2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» тақырыбындағы Қазақстан халқына  жолдауын түсіндіру және кәсіптік бағдарлану сұрақтары бойынша  Қазақстан Республикасы Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері мен генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің әскери қызметшілері мен тәрбиеленушілерінің кездесуі өтті (Астана қ. Қорғалжын тас жолы, 16/1. 2014 жылғы 29 қаңтар, уақыты: 10:00 – 12:00 сағат).

 

Осы іс-шараға қатысқандар: 

Қазақстан Республикасы Парламент Сенатынан: Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің Төрағасы Адырбеков И.А., Сенат депутаты, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің хатшысы Әйтімова Б.С., Сенат депутаттары, Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің мүшелері Алтынбаев М.К., Рахманбердиев О., Киинов Л.К., Ким Г.В., Громов С.Н..

 

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінен:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым вице-министрі Иманғалиев Е.Н.,  мектепке дейінгі және орта білім департаментінің қосымша білім беру және тәрбиелеу жұмысы басқармасының бастығы Көптілеуова Б.Ә.,    республикалық әскери мектеп-интернатының бастықтары Нугманов А.А., запас полковнигі Джайлыбаев А.А., «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры Кирабаева Ш.А.

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігінен: ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары Абдрайым Б.Ж., Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бастығы полковник Садыков К.А., Әуе қорғаныс күштері әскери институтының бастығы (Ақтөбе қ.) полковник Мусин Н.Ж.; тәрбие және идеологиялық жұмыс бойынша Құрлық әскерлерінің әскери институты бастығының орынбасары полковник Кабдуллинов Р.Т, ҚР Қорғаныс министрлігі Ш.Уалиханов атындағы Кадет корпусының бастығы подполковник Баудинов Т.М. 

 

Қазақстан Республикасының көлік және коммуникация министрлігінен: «Авиациялық оқу орталығы» ЖШС бас директоры Сандыбаев Ж.И.

 

Кездесу мектептің акт залында өтті, залда мектептің мұғалімдер құрамы, әскери қызметшілер және тәрбиеленушілер болды. Құттықтау сөзімен комитет төрағасы И.А.Адырбеков сөз сөйлеп, кездесуге келген ҚР Парламент Сенатының әрбір депутатын таныстырып шықты. 

Содан кейін комитет мүшесі  М.К.Алтынбаевқа сөз берілді.

Мухтар Копашұлы мектептің құрылу тарихын баяндап, еліміз үшін қиын кезеңде Елбасымыздың «Жас ұлан» республикалық мектебін құру туралы қабылдаған шешіміне тәрбиеленушілердің назарын аударды. Президенттің Қазақстан халқына жолдауының негізгі бағыттарын, әрбір қазақстандықтың қойылған міндеттерді орындауға қатысу туралы айтты.

 

Бұдан әрі «Жас ұлан» республикалық мектебінің бастығы полковник М.Т.Ботин мектептің ұйымдастырушылық-штаттық құрылымы, оқу үдерісінде және оқу-материалдық базада  қойылған міндеттер туралы баяндамамен сөз сөйледі. 

Жоғары әскери оқу орнына түсу үшін «Жас ұлан» республикалық мектебінің бітірушілерін  сапалы дайындау туралы баяндамамен Радиоэлектроника және байланыс әскери институтының бастығы полковник К.А.Садыков  сөз сөйледі. 

 «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының директоры  Ш.А.Кирабаева оның қарауындағы мекеме өткізген  әртүрлі іс-шараларға, нақтырақ айтқанда қалалық және республикалық деңгейдегі конференцияларға, олимпиадаларға мектеп тәрбиеленушілерінің белсенді қатысуы турылы айтты. «Жас ұлан» республикалық метебінің педагогикалық ұжымымен бірлескен жұмысы туралы, мектеп базасындағы алдағы іс-шаралар туралы баяндады: 

Әскери-патриоттық тәрбие туралы халықаралық оқу-әдістемелік семинар және «Сардар» бітіруші сынып оқушылары арасында олимпиада. 

 

Қорғаныс министрінің орынбасары Б.Ж. Абдрайым әскери білім саласында, болашақ Отан қорғаушыларды Президент Жолдауы мен «Мәңгілік ел» ұлттық идеясында тәрбиелеу сұрақтарында көрсеткен назары үшін  Парламент Сенатына алғыс сөздерімен сөз сөйледі. 

Бұдан әрі жоғары сынып ұландары қонақтармен мектеп бойынша танысу саяхатын өткізді, танысу барысында Парламент Сенатының депутаттары жалпы білім беру және әскери пәндер сыныптарын, спорттық базасын қарады, кітапхана қорымен, орналастырумен және ұландардың жатақханаларымен танысты.  

Осы іс-шара республикалық деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланды («Казахстан», «Хабар», «Парламент KZ», «Казинформ» телеарналары, «Егімен Қазақстан», «Казахстанская правда» газеттері).

 

 

 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.