Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Международный семинар-совещание «Состояние, проблемы и перспективы военно-патриотического воспитания»
Информация к новости
  • Просмотров: 2572
  • Автор: admin
  • Дата: 19-02-2014, 17:31
19-02-2014, 17:31

«Әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, мәселелері және болашағы» атты семинар-кеңесі

Категория: Новости

2014 жылғы 13-14 ақпанда «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен бірлесе генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің базасында «Әскери-патриоттық тәрбиенің жағдайы, мәселелері және болашағы» атты семинар-кеңес өткізілді.

Осы семинар-кеңестің мақсаты Қазақстан Республикасы азаматтарының жоғарғы патриоттық сезімін, Отанға деген адалдығын, конституциялық борыштарын орындауды қалыптастыратын патриоттық тәрбие жүйесін жетілдіру, білім алып жатқан жастардың бойына патриоттық сезім қалыптастыратын жаңа тәсілдер жинақтау болып табылады.

Семинар-кеңестің жұмысына еліміздің білім беру ұйымдарының тәрбие жұмысы бойынша директорлары, директорлардың орынбасарлары, бастапқы әскери дайындық мұғалімдері, Алматы, Қарағанды, Шымкент қалаларының, сондай-ақ Ресей Федерациясының Алтай өңірі мен Омбы қаласының Кадет корпустарының әскери мектеп-интернаттарының өкілдері және тәрбиеленушілері қатысты. 

Семинар-кеңестің бағдарламасында пәндік әдістемелік бірлестіктер қызметінің «Мұғалімнің шеберханасы» атты тұсаукесері өтті. «Сабақтар керуені» деп аталатын біріктірілген ашық сабақтар барысында «Жас ұлан» республикалық мектебінің мұғалімдері өздерінің кәсіби шеберліктерін қонақтарға көрсетті.

Мектеп психологтары кадет мектептерінің жағдайында психологиялық қызмет жұмысының ерекшеліктерін таныстырды. «Өз-өзіне билік жүргізуге үйреніңіз» атты тренингтік сабақ оқушылардың әскери  мамандықты таңдауға психологиялық дайын болуын қалыптастыруға, «Бірге бәрін жеңеміз» - мұғалімнің эмоциялық күю синдромын алдын алуға, «Өзін-өзі қолда ұстай алатын-бәрінен мықты» - болашақ Отан қорғаушылардың еркін сезімдерін қалыптастыруға  бағытталған. «Қазақстанның кәсіби әскері – жаңа мыңжылдық әскері» атты ток-шоуда үш буынның өкілдері қатысты: суворов училищесінің түлегі - генерал-майор Г.В.Носоновский, әскери мектеп-интернаттың түлегі -  генерал-майор А.Д. Джумакеев және біздің мектеп ұландары. Біздің әскердің құрылуы, ол қазір қандай болды және болашақта біздің ұландар қандай әскерде қызмет ететіні туралы әңгімелесу еркін жағдайда өтті. 

Семинар-кеңестің қатысушыларына генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебі ұландарының дәстүрлі салттары: ұланның салтанатты ант қабылдауы, дабылшылардың үлгілі көрсетулері, қарумен саптық тәсілдері және мектеп бітіру рәсімдері  көрсетілді. Көрнекті әрі қызықты көрсетілімдер Семей қаласының Ш.Уәлиханов атындағы «Жас ұлан» әскери мектеп-интернат тәрбиеленушілерінің, Ресей Федерациясының Алтай кадет корпусының және Омбы қаласының №9 кадет мектеп-интернаты кадеттерінің, сондай-ақ «Олимпиадашылармен бірге жеңіске» атты спорттық ойыны болды.

Семинар-кеңестің қорытындысы бойынша қарар қабылданды, осы жерде болашақ жас ұрпақты патриоттық тәрбиелеу аясында бұдан әрі халықаралық қызметтестік жасау ұсынысы қаралды. 

 


 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.