Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Первая Республиканская комплексная олимпиада «Сардар»
Информация к новости
  • Просмотров: 3137
  • Автор: admin
  • Дата: 31-03-2014, 17:26
31-03-2014, 17:26

«Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының қорытындысы бойынша ақпарат

Категория: Новости

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Әскери білім және ғылым департаментімен бірлесе отырып дарынды балалардың әскери жоғарғы оқу орындарында білімін дамытуға, оқуын жетілдіруге, өскелең жас ұрпақтың бойына отаншылдық пен ұлттық патриотизмді қалыптастыру  мақсатында  білім беру ұйымдарының 11 - сынып оқушыларының  арасында «Сардар» республикалық кешенді олимпиадасын  Астана қаласында наурыз айының 25 - 28 аралығында ҚР Қорғаныс министрілігінің генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің аясында өткізді.

Олимпиаданың қорытынды республикалық кезеңіне республикамыздың барлық өңірлерінен, Астана, Алматы қалаларынан, Республикалық әскери мектептерінен 1 кезеңде жеңімпаз атанған  62  оқушы мен олардың алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдері қатысты.

Олимпиада екі кезеңде өтті. 

Теориялық кезең: математика, физика, орыс тілі, қазақ тілі,  алғашқы әскери дайындық  және дене шынықтыру пәндері бойынша тестілеу.

Практикалық кезең:  1) алғашқы әскери дайындықтың нормативтерін орындау: АК-74 автоматын шынара бөлшектеу және жинақтау;

2) дене шынықтыру нормативтерін орындау; 3000 м кросс ,100 м жүгіру және  тартылу.

Бес күнге созылған олимпиаданың  қорытындысы бойыншы қазылар алқасының шешімімен жеңімпаздар мен жүлдегерлер, номинациялар бойынша дипломдар мен грамоталар иегерлері анықталды. 

Атап айтсақ, сайыста Алматы облысының «Арыстан» мамандандырылған лицейінің, генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің, Шығыс Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Павлодар, Маңғыстау, Батыс Қазақстан облыстары мен  Алматы қаласының оқушылары ерекше нәтежелер көрсетті. 

Олимпиада аясында Мемлекеттік басқару академиясында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне «Мемлекеттік тілде саптық дайындық сабағын өткізу әдістемесі» атты арнайы семинар өткізілді.

Сонымен қатар олимпиада қатысушыларына ҚР Тұңғыш Президентінің мұражайына, «Астана Байтерек» монументіне, 68665 әскери бөліміне саяхат ұйымдастырылып, «Мега Астана» кинотеатрында әскери фильм көрсетілді.

«Сардар» республикалық кешенді олимпиадасының барлық қатысушыларына сертификаттар мен естелік сыйлықтар берілді.

 

Олимпиаданың салтанатты жабылу рәсіміне құрметті қонақтар қатысты. Олар: Қазақстан Республикасы Парламентінің Мәжіліс депутаты, Тарих ғылымдарының докторы, профессор, Ресей Федерациясының әскери ғылымдар академиясының корреспондент-мүшесі, Қазақстан Республикасының әскери ғылымдар академиясының президенті, генерал-лейтенант Тасболатов Абай Болюкбайұлы;

1.Қазақстан Республикасының Парламент Мәжілісінің депутаты, Халық қаһарманы, даңқты қолбасшы, генерал-лейтенант Бақытжан Ертаев; 

2.Қазақстан Республикасы Қорғаныс Министрінің орынбасары, заң ғылымдарының докторы, профессор Әбдірайым Бахытжан Жарылқасынұлы;

3.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің вице министрі  Имангалиев Есенғазы Нуртолеуұлы;

4.«Қазақстан Инженеринг Ұлттық компаниясы» Акционерлік қоғамның басқарма төрағасының орынбасары Тилебалдинов Қайрат Рахатұлы, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Носоновский Геннадий Владимирович;

5. Мектептке дейінгі және орта білім  департаментінің Бас сарапшысы Жахин Калкен Елеукенұлы 

6.Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық зертхана меңгерушісі Аманова Зауре Маликаждарқызы;

7.Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі армияның орталық спорт клубы Орталық аппаратының дене дайындығы бөлімінің бастығы подполковник Кошанов Талғат Оңғарбайұлы.

 

 

Республикалық кешенді олимпиада қорытындылары бойынша «Сардар» Гран-приі берілді:

1. Рыскожаев Нурбекке «Арыстан» МЛ

1-дәрежелі диплом:

1. Керімбек Айбек «Арыстан» МЛ

2. Ережеп Бернар «Жас ұлан» РМ

3. Курмангалиев Айбек «Жас ұлан» РМ

2-дәрежелі диплом:

1. Каирбеков  Шынболат «Арыстан» МЛ

2. Бикожа Абылай «Жас ұлан» РМ

3. Нурлыбеков Нәдірбек  ШҚО

 



 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.