Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » День танкистов
Информация к новости
  • Просмотров: 1423
  • Автор: admin
  • Дата: 15-09-2014, 05:07
15-09-2014, 05:07

Танкистер күні

Категория: Новости

Қыркүйектің екінші жексенбісінде елімізде  жыл сайын танкистер  мен танк жасаушылардың - Танкистер күні мерекесі аталып өтеді.  Осы мерекеге байланысты қыркүйектің 8 күні Республикалық Жас ұлан мектебінің   мәжіліс залында мектеп бастығының міндетін уақытша атқарушы подполковник -  Ғ.А.Тулеушевтың қатысуымен мектеп ішілік сынып сағаты өткізілді. Бұл жиынға  мектептің ұжымы мен  барлық ұландары қатысты.  Сынып сағаты  Ұлы Отан соғысы кезінде, отан үшін от кешкен  танк әскерлері мен күн сайын заман талабына  сай техниканы жаңартып отыратын  танк жасаушылардың құрметіне арналды.
Іс –шараның мақсаты, танк әскерлері  мен кәсіби мереке туралы   ақпарат беру арқылы келешек жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беру .
Іс-шара барысында  5 – ші оқу ротасының ұланы - Р.Қуанов танк туралы  және оның жалпы шығу тарихына тоқталып, көпшіліктің  назарына алынды. Сынып сағаты Джуашев Дамир және Рыспаев Мәдидің орындауында - «Три танкиста» әнімен аяқталды.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.