Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Посещение делегации Международной ассоциации "Кадетское братство"
Информация к новости
  • Просмотров: 1386
  • Автор: admin
  • Дата: 13-10-2014, 03:59
13-10-2014, 03:59

"Кадеттік бауырластық" халықаралық ұйым делегациясының келуі

Категория: Новости

2014 жылғы 2-5 қазан аралығында Астанада Тәуелсіз мемлекеттер достастығының мемлекеттер-қатысушылар жастардың әскери-патриоттық  тәрбие әдістері мен түрлерін дамыту бойынша іс-шаралар аясында «Кадеттік бауырластық» Халықаралық ұйым қатысушыларының кездесуі өтті.    

Ұйым қызметінің басты мақсаттары  жаһандық кадет бірлестігін қалыптастыру, біріңғай кадеттік ақпарат кеңістігін ұйымдастыру,  суворов, нахимов, кадет училищилерінің бітірушілері арасындағы байланысты нығайту, кадет бірлестігінің мұрасын сақтау, кадет-ардагерлерді жан-жақты қолдау болып табылады.  

Осы кездесуде Қазақстанды өткен жылдардың суворов-бітірушілері таныстырды: «Кадеттік бауырластық» халықаралық ұйымының Қазақстандық өкілінің жетекшісі, АО НККИ кеңесшісі, запастағы генерал-майор Г.В.Носоновский,  Р.К.полковник Абилдаев, полковник Т.К.Абишев, полковник А.Л.Скорняков, полковник Е.Е.Таласбаев, полковник М.А.Когабаев, полковник И.А.Федоренко, подполковник Н.Ж.Карбенов, подполковник К.Г.Камысбаев, А.Б. Кикимов, А.А.Федоренко.

Іс-шараның қатысушыларына Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-майор Алимов Руслан Садвокасовпен кездесу, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы  атындағы Ұлттық қорғаныс университетіне бару, қала бойынша мәдени бағдарлама ұйымдастырылды.

4 қазанда біздің мектептің базасында  «Кадеттік бауырластық» халықаралық ұйым басқармасының алғашқы отырысы болды, оны «Кадеттік бауырластық» халықаралық ұйым басқармасының бірінші орынбасары  генерал-майор Шишков Алексей Николаевич ашты.  

Отырыс басталар алдын кездесудің қатысушылары үшін мектеп бойынша экскурсия өткізілді, олар мектептің күнделікті өмір тіршілігімен таныса алды, ал отырыстан кейін мектеп оқушыларының көмегімен концерттік бағдарлама дайындалды және өткізілді. Кездесудің қатысушылары белгілегендей концерт жоғары деңгейде өтті. Оның ұйымдастырушылары іс-шараның дайындығына жауапкершілікпен қарады, дұрыс тақырыптық бағдарды таңдап, ал оқушылар жоғары кәсіпқорлықты көрсетумен қатар өткізілген іс-шараға қызығушылығын шынайы көрсетті.  

Суворов (нахимов, кадет) қозғалысының дамуындағы жаңа үрдістер халықаралық бірлестіктерді құру қажеттігін, жалпы бастапқы әскери дайындық пен патриоттық тәрбие аясында бірлесуді тереңдетуді мәжбүрлейді. «Кадеттік бауырластық» халықаралық ұйым отырысының жұмысы барысында орнатылған ынтымақтастық барлық посткеңестік кеңістігінде әскери-патриоттық қозғалыстар дамуының және ертеден келе жатқан байланыстарды нығайтудың мықты күші болды.

Кездесудің қорытындысы болып Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен «Кадет бауырластығы» халықаралық ұйымының ынтымақтастығы туралы мемурандумға қол қоюы болып табылады,.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.