Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » 4 ноября 2014 года наша Школа отмечала свой 15-летний юбилей
Информация к новости
  • Просмотров: 2943
  • Автор: admin
  • Дата: 10-11-2014, 12:07
10-11-2014, 12:07

2014 жылғы 4 қарашада біздің мектеп өзінің 15-жылдық мерейтойын атап өтті

Категория: Новости

«Жас ұлан» республикалық мектебі – біздің еліміздің бірегей оқу орны.   
Он бес жыл ішінде мектепте көптеген жақсы дәстүрлер қалыптасты. Мектеп түлектері біздің әскеріміздің офицерлік корпусын толтырып және өзінің еліне лайықты қызмет етеді. 
Мерекелік іс-шара «Салтанат сарайында» өтті. Мектеп тарихында ешқашан  мерекелік іс-шараға осыншама атақты және құрметті қонақтар қатыспаған шығар: ҚР Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Т.С.Мухтаров,  генерал-майор Ж.С.Куангалиев - 2000-2003 жж. мектеп бастығы, «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары генерал-майор М.С. Нагуманов,  ҚР Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Г.В.Носоновский, Ұлы Отан соғысының ардагерлері, интернационалист-жауынгерлер, Астана қ. Қорғаныс істері бойынша департамент өкілдері, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, ҚР ҚМ «Казспецэкспорт» РММ, ҚазГЗУ, Семей қ. дарынды балалары үшін Ш.Уәлиханов атындағы мамандандырылған  лицей.
Ерекше жылы лебізбен мектептің жеке құрамы Ботин Марат Торғайұлын – 2008-2014 ж.ж. «Жас ұлан» РМ бастығын, бүгінде Әуе Қорғаныс Күштері Әскери институтының бастығын күтіп алды. 
Біріңғай сапта мектептің әскери қызметшілері, мұғалімдері мен ұландары тұрды – осы күні олар барлық мектеппен жаңа кезеңге – кемелдену кезеңіне аяқ басты.  Жаңадан түскен ұландар салтанатты жағдайда «Ұлан антын» қабылдады, енді олар нұрмағамбетовтер қатарын толтырды.
Барлық қонақтар өз сөздерінде ұландар үнемі қастарында болған және болатын адамдарға шексіз ризашылық сезімдерін білдіру қажеттігін ерекше атап шықты.  Өйткені нақ осы адамдар мектеп тәрбиеленушілеріне тек ғылым ғана емес, сондай-ақ күнделікті өмір сабақтарын береді, оларда шынайылық, адалдық, мейірімділік, өзінің ісіне жауапкершілік, яғни «ер-азаматтық» түсініктерді анықтайтын қасиеттерді тәрбиелейді. Осы барлық дағдылармен толық көлемде  офицерлер бұдан кейінгі өмірін жүзеге асыра алады. Әрине, сөйлеушілер ұландар барлық күш-жігерлерін өзінің елінің лайықты азаматы болуға жұмсайды деп сенім білдіреді.  
Мерекенің ең бір  толқытатын сәті мектептің мұғалім-ардагерлерін және оқу озаттарын «С.Қ.Нұмағамбетовке 90 жас» естелік медалімен марапаттау болды.
Медаль шығару бастамашысының бірі - «ҚР Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ төрағасының орынбасары генерал-майор М.С. Нагуманов мектепке еңбегі сіңген ардагер-мұғалімдер С.А.Омарова, В.Ф.Ганжара, К.З.Құсаиноваға және оқуы мен тәртібінде озат көрсеткіштері үшін Н.Кадыров пен Д.Куатовқа медаль  берді.
Мерекелер сыйлықтарсыз өтпейді. Мектептің туған күніне жетекшілік ететін мекемелердің, ұйымдардың және бірлестіктердің өкілдерімен  тамаша сыйлықтар берілді. Өзінің кезегінде барлық қонақтар үшін мектеп клубымен дайындалған мерекелік концерт көрсетілді. Мектеп ұранына айналған «Жас қыран» әні мерекелік концертте ұландармен бірге автордың өзі Максутов Сунгат, 2003 ж. мектеп түлегі, қазіргі Атырау қ. жоғары ӘҚК әскери қызметтегі капитан орындады.   Сондай-ақ концертке № 72 мектеп оқушылары қатысты, олар 10-11 сынып оқушыларымен бірге керемет вальс биледі және мектептің бұрынғы досы  С.Тумашевич жетекшілігіндегі вокалдық-хореографиялық «Ақ шағала» студиясы жетінші сынып оқушыларымен дайындалған «Исправим мир!» копозициясын ұсынды.  
Салтанатты іс-шара аяқталғаннан кейін барлық қалаушылар оқушылармен мерекелік безендірілген мектепті көре алды.
Мектептің 15-жылдығы өте жарқын және ұмытылмас өтті, өйткені барлық ұйымдастырушылар мен қатысушылар мерекенің дайындығына үлкен жауапкершілікпен және шын көңілмен қарап, тағы бір мектептің  туған күнін оның барлық ұжымы үшін нағыз сый етті.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер