Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Неделя естественных наук
Информация к новости
  • Просмотров: 1903
  • Автор: admin
  • Дата: 11-12-2014, 11:48
11-12-2014, 11:48

ЖАРАТЫЛЫСТАНУ АПТАЛЫҒЫ

Категория: Новости

Мектебімізде 2014 жылдың 10-15 қараша аралығында«Жер біздің-ортақ үйіміз» тақырыбымен жаратылыстану  пәндері  апталығы өтті. Апталықтың мақсаты: Ұландардың жаратылыстану пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, ой-өрістерін кеңейту, табиғатқа қамқор болуға, экологиялық мәдениетке  тәрбиелеу. Апталық барысында «Жаратылыстану әлеміне саяхат» тақырыбында  ұландардың шығармашылық жұмыстары көрмесі,  «Ойлан, тап»  тақырыбында ребустар мен  сөзөрімдер шешу тақтасы ұйымдастырылды.  Көрме жұмысына 1 рота ұландары жақсы  белсенділікпен  қатысты. Аталған  рота ұландары көрме жұмысына макеттер дайындаумен қатар, өлеңдер шығарды, ребустарды шешуге ат салысты.  Апталық қорытындысы бойынша төмендегі ұландар марапаттауларға ие болды:

 


Алғыс жарияланды:
   2-оқу ротасы 2-оқу взводының ұланыӘділбайұлы Сырымға;
3 -оқу ротасы 3-оқу взводының ұланы Амангельдинов Мукашқа;
3-оқу ротасы 3-оқу взводының ұланы Чмырь Алекске;
3-оқу ротасы 3-оқу взводының ұланы Жунус Саматқа;
4-оқу ротасы 3-оқу взводының ұланы Омарбеков Алиханға;
 Мақтау қағазымен марапатталды:
1-оқу ротасы «Жаратылыстану» апталығына белсенді қатысқандары үшін
2-оқу ротасы 2-оқу взводының ұланы Исин Батырхан  «Ойлан тап» сайысындағы тапқырлығы үшін;
3-оқу ротасы 3 оқу взводының ұланы Дуйсенов Илиас таланты мен шығармашылығы үшін;
4-оқу ротасы 3-оқу взводының ұланы Барлыбаев Ғалым «Таңғажайып химия» тақырыбына жазған  «Ең үздік шығармасы» үшін;
Апталықта 6 пәннен  ашық сабақ, «Химиктер қатарына  қабылдау» тақырыбында театрландырылған ойын-сайысы  өтті. География  пәнінің мұғалімі Минкенова А. Ж  өз сабағында Кембридж технологиясы әдісін қолданса,  Нұрғалиева К.Ж , Турсунбаева М.Ж, Куспекова С.Е оқытудың ақпараттық-коммуникациялық  интерактивтік технология элементтерін, Жылгельдина М.А «Оқу мен жазу арқылы сын тұрғысынан ойлауды дамыту» технологиясы  элементтерін, Аманжанова Ә.Қ өзін-өзі тану сабағы арқылы  ұландардың жеке тұлғалық қабілеттерін аша білді. Пән мұғалімдері білімді бақылау мен бағалаудың  түрлі әдістерін қолданып, сабақтың тәрбиелік жағына да аса үлкен көңіл бөлді.  

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.