Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Сыңғырла соңғы қоңырау
Информация к новости
  • Просмотров: 1291
  • Автор: admin
  • Дата: 25-05-2015, 10:38
25-05-2015, 10:38

Сыңғырла соңғы қоңырау

Категория: Новости

Барша оқушы қауымының асыға күткен мерекесі – соңғы қоңыраудың сыңғырлайтын сәті де келіп жетті. Кіші сынып ұландарының көзінен қуаныш сезімі байқалса, мектеп бітіргелі тұрған ұландарымыз қимастық сезімдерін білдіріп, қобалжу үстінде жүр.

2015 жылдың соңғы қоңырау салтанаты 25 мамыр күні мектептің саптық алаңында өткізілді. Салтанатты іс-шара мектеп туының алаңға кіргізілуімен бірге еліміздің әнұранын шырқаудан басталды. Одан кейін Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, Халық қаһарманы, Қазақстан Республикасының №1 Қорғаныс министрі Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, батыр бабаларымызды еске алуға арналған бір минуттық үнсіздік жарияланды.

Алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген мектеп бастығы полковник Майкеев Мұхтар Жәлелұлы ұландар мен ұстаздарды мерекелерімен құттықтап, ақ тілегін жеткізді. 2014-2015 оқу жылының мектеп үшін табысты өткендігін айтып, алдағы уақытта да осылай жалғаса беруіне тілектестігін білдірді. Сонымен қатар Мұхтар Жәлелұлы түлектерге ұлттық бірыңғай тестілеуде жақсы көрсеткішке жетіп, әр кез биіктерден көріне берулерін тіледі. Одан кейін сөз алған Ұлы Отан соғысының ардагері, Жауынгерлік Қызыл Ту, Даңқ, Қызыл жұлдыз ордендерінің иегері, Бекенов Қадан ата, 5-ші оқу рота ұланы Өмірзақ Бегалының әкесі Қонқасұлы Өмірзақ, 5-ші оқу ротасының сынып жетекшісі Қалыбаева Бағила Қаржаубайқызы ұландарға деген ыстық лебіздерін білдірді.

Салтанатты іс-шара мектеп жеке құрамының салтанатты шеруімен аяқталып, концерттік бағдарламаға ұласты.

Мерекенің ең шешуші сәті – соңғы қоңырауды соғу 5-ші оқу рота ұланы вице-кіші сержант Қадыров Нұртас және 1-ші оқу рота ұланы Медетбек Әлібекке бұйырды.

Салтанатты іс-шараның соңында жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп бітіруші ұландар «Kazenergy» компаниясының қолдауымен мектеп аумағына ағаш отырғызды.














Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.