Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » 9 июня 2015 года Школа провожала выпускников 14-го выпуска
Информация к новости
  • Просмотров: 2216
  • Автор: admin
  • Дата: 9-06-2015, 14:17
9-06-2015, 14:17

Мектебіміз 14-ші түлектерін шығарып салды

Категория: Новости

2015 жылдың 09 маусымында мектебіміз 14-ші түлектерін шығарып салды. Түлектерді салтанатты түрде шығарып салу Астана қаласындағы «Отан қорғаушылар» алаңында өтті. Салтанатты іс-шара Қорғаныс Министрінің орынбасары, генерал-майор Мұхтаров Талғат Сәбитұлының алаңдағы Отан қорғаушыларға арналған мәңгілік алауға Қорғаныс Министрінің атынан гүл шоқтарын қоюдан басталды.

Бір минуттық үнсіздіктен соң сөз алған Қорғаныс Министрінің орынбасары ұландарды мектеп бітіру салтанатымен құттықтап, алдағы өмір жолында биік белестерді бағындыруға тілек білдірді. Құттықтау сөзін ол «Осындай салтанатты күнi мектептiң қолбасшылығына, оқытушылар құрамына, тәрбиешi-офицерлерге өздерiңiздiң тәрбиеленушiлерiңiздi бiлiм нәрiмен сусындатып, ықыластарыңызды бөлiп, саналы да тәрбиелi азамат еткендерiңiз үшiн алғысымды бiлдiрiп, осы құттықтау сөздерiмдi жолдаймын.» - деген сөздермен аяқтады.

Салтанатты іс-шараға Ұлы Отан соғысының ардагері Бекенов Қадан, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері ардагері генерал-майор Носоновский Геннадий Владимирович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тыл бастығы генерал-майор Мукатов Кажгали Сипуллович, Қазақстан Республикасы  Қорғаныс министрлігі білім және ғылым департаментінің бастығы Тулембаева Айгүл Нұрәліқызы және басқа да құрметті қонақтар,  ата-аналар қатысты.
Мектебімізден биыл 75 түлек, оның ішінде ұлан Қадыров Нұртас «үздікке» бітірді.

Іс-шара барысында дәстүрлі кеуде белгілері мен аттестатты табыстаудан бөлек, концерттік бағдарлама ұйымдастырылды. Мерекенің басынан аяғына дейін дыбыстық-әуендік сүйемелдеуде Мемлекеттік күзет қызметіне қарасты Қазақстан Рсепубликасы Президентінің оркестрі ерен еңбек атқарды. Тек музыкамен сүйемелдеп қана қоймай, олар өздерінің арнайы дефилесін көрсетіп, келген қонақтардың көзайымына айналды.
Арнайы дефиле көрсетуде Қазақстан Республикасы Президентінің резерві болып саналатын Аэроұтқыр әскерлеріне қарасты 68665 әскери бөлімінің әскери қызметкерлері де алдарына жан салған жоқ. Олар өздерінің жауынгерлік жаттығулары мен әскери өнерлерін көрсеткен кезде жиналған халық демін ішіне тартып отырды.

Мерекелік іс-шара жылдағы қалыптасқан дәстүр бойынша түлектердің мектеп бітіру вальсімен аяқталды.

















Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер