Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » На школьном плацу прошла торжественная линейка
Информация к новости
  • Просмотров: 1918
  • Автор: admin
  • Дата: 1-09-2015, 14:25
1-09-2015, 14:25

Бүгін мектебіміздің саптық алаңында «Білім күніне» арналған салтанатты жиналыс өткізілді

Категория: Новости

Бүгін мектебіміздің саптық алаңында «Білім күніне» арналған салтанатты жиналыс өткізілді. Жазғы каникулда демалып, есейіп келген мектеп тәрбиеленушілері жаңа оқу жылын жаңа күш-қуатпен қарсы алды.

Мектеп бастығы полковник Майкеев Мухтар Жалелович жаңа оқу жылының басталуымен құттықтап, көтеріңкі көңіл-күй, оқуда үлкен табыстар тіледі. Ата-аналар, мұғалімдер мен әскери қызметшілер де ұландарға жаңа оқу жылында білім мен тәртіптің биік шыңына жетуді тіледі.

Мерекелік концертті арнайы шақырылған қонақтар ашып берді, атап айтқанда, Қазақстан республикасы Президентінің Мемлекеттік күзет қызметінің Құрмет қарауыл ротасы, Президент оркестрі және 36-шы Десанттық шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшілері өте жоғары деңгейде өнер көрсетті. Концерттік бағдарлама мектептің көркемөнерпаздар ұжымының өнерлерімен аяқталды.

Мерекелік іс-шараның соңында жаңа оқу жылындағы «Алғашқы қоңырау» сыңғырлап, барлығын Қазақстан Республикасы Конституциясы мен Қазақстан халықтары Ассамблеясының 20 жылдығына арналған «Менің Отаным Қазақстан» атты алғашқы сабаққа шақырды.
















Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер