Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет
Информация к новости
  • Просмотров: 1945
  • Автор: admin
  • Дата: 24-10-2015, 09:08
24-10-2015, 09:08

Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет

Категория: Новости

«Жас ұлан» республикалық мектебінде Қазақ хандығының 550-жылдығына орай «Тарихқа құрмет, ұрпаққа міндет» тақырыбында қазанның 19- 24 аралығында қоғамтану, технология және дене шынықтыру пәндерінің апталығы өтті. Мақсаты: Ұландардың қоғамтану, технология және дене шынықтыру пәндеріне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ой-өрістерін кеңейту, салауатты өмір салтын насихаттау, Отанға деген сүйіспеншілік, мақтаныш сезімдерін арттыру. 
Апталық «Ерліктің арқауы, елдіктің бастауы – Қазақ хандығы!» атты көрмеден басталды. Көрмеге ұландардың суреттері, қолдан жасалған бұйымдары қойылды. 10 сынып оқушылары: Алмас Мейірбек, Ибадатов Нұрсұлтан, Сабыр Айдос Қазақ хандығының картасын жасап және сол картаға еліміздің негізгі оқиғаларын белгіледі, ұлы хандарымыздың, батырларымыздың суреттерін орналастырды. 
11 сынып оқушысы Маулетов Бекзат Қазақ хандығының хандары Керей мен Жәнібектің мүсінін жасады. 10 сынып оқушылары: Бақытжановтар Есен мен Аман Абылай ханның портретін, Бүркітбай Мәди мен Амандаков Мрзахмет қазақ жауынгерлердің суреттерін салды. Уразалиев Мағжан мен Нуров Темирланның ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550-жылдығына арнап сөзжұмбақ жасады. Апталық барысында ашық сабақтар өтті: Байжанов Т.С. 10 в сыныбында технология пәнінен «Предупреждающие знаки» тақырыбында ашық сабақ, Ысқақ Қ.С. 11а сыныбында дене шынықтыру пәнінен «Допты ойынға қосу тәсілі» атты ашық сабақ, Оспанов А.З. 10д сыныбында Қазақстан тарихынан «Қазақстан тарихындағы сақ тайпалары» тақырыбында ашық сабақ, Ысқақ Қ.С., Мусаинов В.Ш. Қазақ хандығының 550- жылдығына арналған «Жас ұлан барысы» атты қазақ күресінен жарыс өткізді. Мусаинов В.Ш. 9в сыныбында дене шынықтыру пәнінен «Волейбол, разновидности передачи» тақырыбында ашық сабақ, Оспанов А.З «Тәуелсіздік туы желбіресін!» әдеби- музыкалық композиция, Рахимова А.Х. 11в сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Национально освободительное движение 1916 года» тақырыбында ашық сабақ, Исабаева Р.Т. 8а сыныбында Қазақстан тарихы пәнінен «Дәстүрлі билер соты» ашық сабақ өткізді.Апталық барысында тарих пәнінің мұғалімі Исабаева Р.Т. 2 рота ұландарымен «Алжир» лагеріне экскурсия жасады. Апталық бойынша қорытынды жасалды.










Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.