Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Нулевая терпимость к правонарушениям
Информация к новости
  • Просмотров: 2609
  • Автор: admin
  • Дата: 12-10-2015, 09:28
12-10-2015, 09:28

Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік

Категория: Новости

Бүгінгі таңда Қазақстан қоғамында құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру мемлекеттің басты бағытының бірі болып отыр. Елбасы өзінің Қазақстан халқына жолдауында қоғамда «Мүлдем төзбеушілік» қағидасын енгізу керектігін айтқан болатын. 

Генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде құқықтық білім апталығы өтті. Осы апталық барысында 2015 жылдың 12 қарашасында мектептің акт залында «Құқық бұзушылыққа мүлдем төзбеушілік» тақырыбында құқық қорғау органдарының өкілдерімен кездесу өткізілді. 

Іс-шараны ашқан «Жас ұлан» Республикалық мектебінің бастығы полковник Майкеев Мухтар Жалелович бұл іс-шараның мақсаты құқық бұзушылықтың алдын алу мен болдырмау, құқықтық мәдениетті қалыптастыру, мектептің жеке құрамында құқықтық білімге деген қызығушылықты арттыру, олардың құқықтары мен міндеттері, қандай-да бір заң бұзу кезіндегі тартылатын жауапкершіліктерін үйретуге бағытталғандығын айтып өтті. 

Кездесуге Ақмола өңірлік гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Джумадилов Данияр Бекдаирұлы, Ақмола өңірлік гарнизоны, Әскери полиция жасағының бастығы полковник Тулешев Асхат Сағынтайұлы, Ақмола өңірлік гарнизоны, Әскери полиция жасағының тергеу және іздестіру бөлімінің бастығы майор Жаңабаев Нұрлан Болатұлы, Астана қаласы, Есіл аудандық ІІБ кәмелетке толмаған жасөспірімдер ісі жөніндегі бөлім бастығы полиция капитаны Кадролдинова Аида Айдарқызы қатысты.

Ақмола өңірлік гарнизонының Әскери прокуроры әділет полковнигі Джумадилов Данияр Бекдаирұлы өз сөзінде мектептің басшылығына, ұстаздар қауымына алғысын білдіре отырып, «тәртіптілік», «жауапкершілік», «ұқыптылық» деген түсініктерге баса назар аударды. Ұландарға «құқық бұзушылықтың» не екендігін, жасөспірімдер заңды белшеден басқанда қандай жағдайға алып келетіндігін түсіндірді. 

Қатысып отырған барлық құқық қорғау органдарының өкілдері ұландарды, әскери қызметшілер мен қызметкерлерді кәмелеттік жасқа толмағандар мен әскери қызметшілердің жасаған қылмыстары мен құқық бұзушылықтары туралы статистикалық деректермен таныстырып, әкімшілік құқық бұзушылық кезінде қолданылатын жазалармен және олардың қолданылу ретімен таныстырды. 

Кездесу барысында «Жасөспірімдер қылмысы», «Адам болу құқығы», «Жастарға арналған әлеуметтік ролик», «Қазақстан республикасында қоғамдық орындарды ластау туралы әкімшілік құқық бұзушылықтар» атты бейнероликтер көрсетілді. 

Кездесуді қорытындылай келе, «Жас ұлан» Республикалық мектеп бастығы полковник Майкеев Мұхтар Жалелұлы мектеп жеке құрамының өз жауапкершіліктерін тереңірек түсінуге осындай кездесулердің көп көмегі тиетіндігін, келген қонақтарға алғыс айтып, естелік сыйлықтар табыстады. 

«Жас ұлан» Республикалық мектебінің ұландарын тәрбиелеуде мектеп ұжымының бірлескен іс-қимылдары жеке тұлғаны, өз елінің патриотын қалыптастыруда оң септігін тигізуде.
















Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер