Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Уланы погрузились в виртуальный мир танков
Информация к новости
  • Просмотров: 1254
  • Автор: admin
  • Дата: 2-05-2016, 18:04
2-05-2016, 18:04

Ұландарымыз танктердің виртуалды әлемінде болды

Категория: Новости

2016 жылдың 2 мамырында Мәскеу қаласында орналасқан Ресей федерациясы Қарулы күштерінің Әскери-патриоттық «Патриот» мәдени демалыс саябағында «Танкистер күні – мамыр оқулары» көлемді фестивалі аясында World of Tanks халықаралық кадеттік ойынының финалы болды. Бұл ойынға қатысу үшін Мәскеу түбіне Қазақстан, Ресей және Беларусь мемлекеттерінің ең үздік командалары келді. Ал турнирді көру үшін 12 000 көрермен жиналса, 115 000 көрермен онлайн режимінде тамашалауға мүмкіндік алды.

Қазақстан республикасының командасын мектебіміздің келесі ұландары құрады:
  • 2 оқу ротасының ұланы Утесеитов Роман Нұрланұлы
  • 3 оқу ротасының ұланы Кушенов Анвар Мұратұлы
  • 3 оқу ротасының ұланы Темір Данабек Марленұлы
  • 3 оқу ротасының ұланы Хальзов Дмитрий Вячеславович
  • 5 оқу ротасының ұланы Сабиров Алишер Боходырович
  • 5 оқу ротасының ұланы Сәрсенбек Әміржан Медетұлы
  • 5 оқу ротасының ұланы Бүркітбай Мади Әрленұлы
Кадеттік ойындарда чемпиондық титулдың тағдыры тек соғыс алаңында ғана шешілген жоқ. Балалар жеңіске жету үшін Ұлы Отан соғысы және броньды техника тақырыбында интеллектуалдық викторинаға қатысуға және спорттық даярлық бойынша сынақ тапсыру керек болды. Іс-шара барысында Жеңіс күніне арнап құрылған «Барлығы есімізде» атты жаһандық бастама аясында түсірілген «Соғыс бір тілде сөйлейді» атты бірегей бейнефильм көрерменнің назарына ұсынылды. Бұл жоба көрермендерді Екінші дүниежүзілік соғыс уақытына интерактивті саяхат жасауға мүмкіндік береді.






























Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.