Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Посещение делегации Военного лицея «Кулели» Вооруженных Сил Турецкой Республики
Информация к новости
  • Просмотров: 1418
  • Автор: admin
  • Дата: 18-05-2016, 20:31
18-05-2016, 20:31

Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің «Кулели» әскери лицейі делегациясының келуі

Категория: Новости

2016 жылдың 17-18 мамырында Астана қаласы, генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебіне Түркия Республикасы Қарулы Күштерінің «Кулели» лицейінен делегаттар келді. 
Делегаттардың құрамында Түркия Республикасының Қазақстан Республикасындағы әскери атташесінің орынбасары подполковник Сезен Озлен, ТР ҚК «Кулели» әскери лицейінің жоспарлау бөлімінің бастығы полковник Рауф Бильгч, рота командирі капитан Ферхат Баяр, курсанттар Севахаттин Энес Узун және Салих Еге болды. 
Шет елдік әріптестердің келуінің негізгі мақсаты «Жас ұлан» Республикалық мектебіндегі оқу-тәрбие үдерісімен танысу, тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастық мақсатында одан әрі байланысты дамыту болатын. 
Сапар барысында қонақтармен брифинг өткізіліп, онда мектебіміздің тарихы, мектептегі жүргізіліп жатқан оқу бағдарламалары, күнделікті тыныс-тіршілігі, ұландардың спорт және мәдени іс-шаралары туралы баяндайтын фильм ұсынылды. Делегация басшысы полковник Р.Бильгч «Кулели» әскери лицейінің оқу-тәрбие үдерісінің ұйымдастырылуы туралы айтып, өз фильмдерін біздің назарымызға ұсынды. 
Қонақтар мектебіміздің оқу-материалдық базасын, спорт залын, бассейн, мектептің мұражайын, кітапханасын аралап көрді. Сонымен қатар бірнеше сабақтарға қатысып, сабақтардың қалай өтілетіндігіне көңіл аударды. 
Сапардың екінші күні қонақтар Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-патриоттық орталығына барып, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің тарихымен танысып қайтты. 
Сапардың аяғында ТР ҚК «Кулели» әскери лицейінің өкілдері мектеп басшылығына жылы қабылдағаны үшін алғысын айтып, жастарды оқыту мен тәрбиелеуде өзара бірлесіп іс-қимыл жасауға тілектестік білдірді.














































Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.