Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Школа выпустила пятнадцатый юбилейный выпуск
Информация к новости
  • Просмотров: 2093
  • Автор: admin
  • Дата: 8-06-2016, 21:09
8-06-2016, 21:09

Мектебіміз он бесінші түлектерін ұшырды

Категория: Новости

2016 жылдың 8 маусымында мектебімізде мерейтойлы15-ші түлектерді шығарып салу салтанатты іс-шарасы өтті. 
Сағат 10.00 де сап түзеген мектеп бітірушілер саптық алаңға кірді. Іс-шараның басталуына ерекше сән кіргізген өскелең ұрпақты тәрбиелеуде әрқашан аяусыз көмек көрсетіп келе жатқан мектебіміздің құрметті әріптестері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі Президенттік үрмелі оркестрінің «Абылай хан» маршы болды. 
Қонақтар келгеннен кейін генерал Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтары қойылды. Гүл шоқтарын мектеп түлектері Яцыв Богдан, Ермухамбетов Самат, Усенбаев Қайсар қойды. Гүл шоқтарын қою – бұл өсіп келе жатқан ұрпақтың  еңбегі мен өмірі мектеп ұландарына үлгі болатын аты аңызға айналған адамға деген ерекше сый-құрметі болып табылады. Одан соң барлық қатысушылар бір минуттық үнсіздікпен «жалын жүректі генералды» еске алды. 
Түлектерге аттестат пен кеуде белгілерін Мектебіміздің құрметті қонақтары табыстады. Олар:
- Құрлық әскерлері Бас қолбасшысының орынбасары генерал-майор Халиков Амир Касымбекович;
- Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы, профессор, экономика ғылымдарының докторы Тулембаева Айгуль Нуралиевна;
- Ұлы Отан соғысының ардагері Бекен Қадан ата;
- Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің ардагері генерал-майор Нагуманов Марат Сералиевич;
- Ақмола өңірлік гарнизонының әскери прокуроры әділет полковнигі Джумадилов Данияр Бекдаирович.
Табыстау кезінде жеті жыл бойы білімімен жоғары көрсеткіштерге қол жеткізген, мектептің қоғамдық өміріне белсене атсалысқан ұландарға ерекше назар аударылды. Олар: Сергазин Азамат, Оспанов Әділет, Гаранин Юрий, Несіпбай Олжас.
Аттестаттарды табыстау рәсімінен кейін қонақтардың түлектерге деген тілектері мен жылы лебіздерін білдірген мерекелік митинг ұйымдастырылды. 
Генерал-майор Халиков А.К. өз сөзінде: «Жас ұлан» сияқты бірегей оқу орнындағы оқыған жылдарының арқасында көптеген түлектер өмірден өз орындарын тапты – деді. Ол түлектердің әрі қарай жоғарғы әскери оқу орындарында да тек қана керекті білім алып қоймай, қазіргі әлемдік білім стандарттарының талаптарына сай, сыни тұрғыдан ойлау, өздерінің бойында көшбасшылық қасиеттерді қалыптастыратынына сенімділік білдірді. 
ҚР ҚМ Білім және ғылым департаментінің бастығы Тулембаева А.Н. «Жас ұлан» республикалық мектебінің түлектері Ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижесінің қорытындысы бойынша 82,9 балл алып, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты төрт мектеп-интернаттарының арасында ең жоғарғы көрсеткішке жеткенін атап көрсетті. Айгуль Нуралиевна мектебіміздің түлектерін әлемдегі дабыл қақтырған жағдайларға қарамастан, тәуелсіз Қазақстанның жетістіктері жекелеген саяси күштердің қызғанышын тудырып отырған сәтте жер бетіндегі ең құрметті мамандық – Отан қорғау мамандығын таңдағандары үшін мақтан тұтатындығын айтты.
Митингтен соң түлектердің мектеп туымен қоштасу дәстүрі өткізілді. Барабанның соққысымен түлектердің бас киімдерін шешіп, бір тізесімен отырып, вице аға сержант Тотанов Нұржанның мектеп туының бұрышын сүйген сәтін келген қонақтар демін ішіне тарта тамашалады. 
Іс-шараның ең басты рәсімі аяқталып, мектеп бастығы полковник Майкеев Мухтар Жалеловичтің «Жаңа жетістіктерді бағындыруға, АЛҒА!» деп аяқталған құттықтау сөзінен кейін 2016 жылғы 74 түлектерден тұратын колонна соңғы рет толық құрамда қонақтар тұрған трибунаның, әскери қызметшілердің, ұстаздар мен ата-аналардың алдынан салтанатты шерумен жүріп өтті. 
Мерейтойлы 15-ші мектеп бітіру салтанаты 36-шы десанттық шабуылдаушы бригадасының әскери қызметшілері көрсеткен қарумен жаттығулар және қоян-қолтық ұрыстар, ҚР МКҚ ансамблінің жарқын номерлерімен жалғасын тапты. 
Қалыптасқан дәстүр бойынша, концерттік бағдарламаны түлектердің вальсі аяқтады, аспанға ақ көгершіндер мен шарлар ұшырылды. Және түлектер қаншама жылдан бері мектебіміздің әнұранына айналған «Жас қыран» әнін барлығы бірге соңғы рет шырқады. 
Мектептің құрылғанынан бері он бесінші рет мектеп басшылығымен, әскери қызметшілері, ұстаздары шын жүректен түлектерге «Ақ жол!» тіледі.























































Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.