Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
20 жыл
школа ЖасУлан » Новости » Посещение делегациииМинистерства обороны Республики Узбекистан
Информация к новости
  • Просмотров: 1422
  • Автор: admin
  • Дата: 22-11-2016, 09:56
22-11-2016, 09:56

Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігі делегациясының келуі

Категория: Новости

2016 жылдың 22 қарашасында Астана қаласы, генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» Республикалық мектебіне Өзбекстан Республикасы Қорғаныс министрлігінен делегаттар келді. 

Делегаттардың құрамында Өзбекстан Республикасының Қорғаныс министрлігі Бас штабының  Жедел әрекет ету бас басқармасының бастығы полковник Шерматов Фарход Орипович, ӨР ҚМ Қару-жарақ бас басқармасы бастығының орынбасары подполковник Арибжанов Алишер Кабилжанович, ӨР ҚМ БШ Халықаралық әскери және әскери-техникалық ынтымақтастық жөніндегі басқарма бастығының орынбасары подполковник Хасанов Дельшод Закирович, ӨР ҚМ БШ Қосымша талдау басқармасының Бөлім бастығы подполковник Касимов Бахтиёр Сапарович, ӨР ҚМ БШ Жедел әрекет ету бас басқармасының аға офицері подполковник Махаммадаминов Абдуколык Абдукамулович болды.

Көршілес мемлекеттегі әріптестердің келуінің негізгі мақсаты Қазақстан Республикасындағы Әскери білім саласымен танысу, соңғы уақытта жеткен жетістіктермен, оқу-тәрбие үдерісімен танысу, тәжірибе алмасу және өзара ынтымақтастық мақсатында одан әрі байланысты дамыту болатын. 
Қонақтар мектебіміздің оқу-материалдық базасын, спорт залын, бассейн, мектептің мұражайын, кітапханасын аралап көрді. Акт залында мектеп көркемөнерпаздар үйірмесінің концерттік қойылымын тамашалаған соң қонақтарға мектебіміздің тарихы, мектептегі жүргізіліп жатқан оқу бағдарламалары, күнделікті тыныс-тіршілігі, ұландардың спорт және мәдени іс-шаралары туралы баяндайтын фильм ұсынылды. Сонымен қатар бірнеше сабақтарға қатысып, сабақтардың қалай өтілетіндігіне көңіл аударды. 

Сапар барысында қонақтармен брифинг өткізіліп, онда сөз алған Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Нұрмаханов Бегім Нұржанұлы Қазақстан республикасындағы әскери білім беретін оқу орындары, ол жерлерде даярланатын мамандықтар, соңғы уақытта жеткен жетістіктер жайлы айтып берді. Өз кезегінде, Өзбекстан өкілдері де өздеріндегі әскери білім саласының жай-күйі туралы, әскери мамандыққа қызығушылардың саны өте көп екендігін айтып берді. 

Сапардың аяғында ӨР ҚМ өкілдері мектеп басшылығына жылы қабылдағаны үшін алғысын айтып, жастарды оқыту мен тәрбиелеуде өзара бірлесіп іс-қимыл жасауға тілектестік білдірді.
























Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер