Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Жас улан Барысы
Информация к новости
  • Просмотров: 928
  • Автор: admin
  • Дата: 23-11-2016, 04:23
23-11-2016, 04:23

Жас ұлан Барысы

Категория: Новости

Үстіміздегі жылдың 23 қарашасында мектептің спорт залында мектеп тәрбиеленушілерінің арасында қазақша күрестен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Жас ұлан Барысы» спорттық сайысы өткізілді. 

Жарыстың мақсаты ұландарды патриоттық тұрғыда тәрбиелеу, салауатты өмір салтын қалыптастыру, ұжымдық дағдыларын машықтандыру, жауынгерлік сезімін ояту, спорттық шеберлігін көтеру және Мектептің үздік спортшысын анықтау болатын.

Мектептің үздік «палуаны» атағы үшін күрескен бұл жарысқа 9-11 сынып ұландары арасынан 50-ден аса ұлан қатысты. Барлық ұландар жеңіске деген талпынысын, жоғары деңгейдегі дене дайындығын және күрес әдістерін жақсы меңгергендігін көрсетті.
 
Жарыс қорытындысына сәйкес, үздік спортшылар анықталып, келесі орындарға ие болды:
1 орын – 2 оқу ротасының ұланы вице аға сержант Утесеитов Роман, «Жас ұлан Барысы» атағының жеңімпазы;
2 орын – 2 оқу ротасының ұланы Серікұлы Қали;
3 орын – 5 оқу ротасының ұланы вице сержант Жантаев Батыржан. 
Жеңімпаздарымыз мақтау грамотасымен, медальдармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. 






















Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.