Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Интегрированная универсиада «Точных наук»!
Информация к новости
  • Просмотров: 643
  • Автор: admin
  • Дата: 16-04-2017, 13:20
16-04-2017, 13:20

"Нақты ғылымдар" интеграцияланған универсиадасы

Категория: Новости

 

2017 жылғы 7-11 сәуір аралығында генерал С:Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінде математика, информатика және физикадан пән апталығы аясында «Нақты ғылымдар» атты зияткерлік және интеграцияланған универсиада өтті.

Универсиаданың мақсаты:

- оқушылардың оқу-шығармашылық әрекетке тарту дәрежесін арттыру;

- оқушының зияткерлік әлеуетін ынталандыруға жағдай жасау;

- ой-өрісін кеңейту, білімдерін бекіту, дамыту, тапқырлық, бейімділік, ғылым мен техниканың түрлі саласына қызығушылықтарын ояту.

Аталған универсиадаға әр оқу взводынан ұсынылған командалардан 11 сынып ұландары қатысты. Ол үш сайыстан тұрды: компьютерлік ойын, әскери-спорттық ойындар және зияткерлік ойындар. Бірінші сайыс қорытындысы бойынша ең көп ұпай жинаған 3 оқу ротасы 1 взвод ұландары, 3 оқу ротасы 3 взвод және 5 оқу ротасы 3 взвод ұландары ерекше көзге түсті. Әскери-спорттық ойындарда ұландар әскери дайындық бойынша білімдері мен ептіліктерін көрсетіп және 16 келі гір тасын көтерді. Жоғары нәтижелерді 5 оқу ротасы 2 взвод, 5 оқу ротасы 3 взвод, 3 оқу ротасы 3 взводы және 3 оқу ротасы 4 взвод ұландары көрсетті. Үшінші сайысқа 3 оқу ротасы 1 взвод, 3 оқу ротасы 3 взвод, 5 оқу ротасы 2 взвод және 5 оқу ротасы 3 взвод ұландары жіберілді Зияткерлік ойындар үш байқаудан тұрады: «Бәйге», «Қозғалыс» және «Брейнг-ринг» байқауларында ұландар математика және информатика пәндерінен білімдерін көрсетті, сондай-ақ физика пәнінен де ғылыми тәжірибелер өткізді. Әділ қазылар алқасы үш сайыс бойынша қорытынды шығарды: 1 орын - 3 оқу ротасы 3 взвод, 2 орын - 3 оқу ротасы 1 взвод, 3 орын – 5 оқу ротасы 2 взвод.

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *