Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Последний звонок!!!
Информация к новости
  • Просмотров: 1116
  • Автор: admin
  • Дата: 29-05-2017, 11:13
29-05-2017, 11:13

Соңғы қоңырау!!!

Категория: Новости

2017 жылғы 25 мамыр күні сағат 10.00-де «Жас ұлан» республикалық мектебінің саптық алаңында дәстүр бойынша соңғы қоңырау өтті.

Мектептің салтанатты іс-шарасына құрметті қонақтар шақырылды: ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Нұрмаханов Бегім Нұржанұлы және Астана қаласы Нұр Отан партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасарыА.М. Сейтов.

Ерекше мәні мен маңызы бар салтанатты күн болды. Мектептің саптық алаңы әдемі безендірілген. Сапта республикамыздың 14 аймағы және Астана мен Алматы қалаларынан келген барлық тәрбиеленушілер бірге 158 мектеп бітіруші ұландар тұрды. Мектеп бітірушілер арасында оқу үздіктері: ұландар М.Алмас, Д.Амангалиулы, Н.Абдикадыр, Г.Ермуханов, Б.Самиголла, Д.Майлыбай, Д.Абышев, Ерлан Оразбекұлы, Бахытжан Татубай, Жамаш Пернебек, Кемел Руслан.

Рәсім Кеңес Одағының Батыры, Армия генералы, № 1 Халақ қаһарманы, тұңғыш Қорғаныс министрі С.Қ.Нұрмағамбетовтың мүсініне гүл шоқтарын қоюмен басталды. Мектеп бітіруші түлектер Жумагулов Алекс, Нуров Темирлан и Закиров Алишерге гүл шоқтарын қою мәртебесі берілді.

Соңғы қоңырауға арналған салтанатты митингті мектеп бастығы полковник Мухтар Жалелович Майкеев ашты. ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары полковник Нұрмаханов Бегім Нұржанұлы және Астана қаласы Нұр Отан партиясының Есіл аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.М. Сейтов мырзаларға құттықтау тілектерін білдірді. Бұдан әрі құттықтау сөзді мектеп қабырғасында туысындай болып кеткен ұстаздар, жүрек жарды алғыстарын жеткізген ата-аналар алды. Мектеп бітіруші оқу озаты 3 оқу ротасының ұланы Жумагулов Алекс сөз алып, ҚР ҚМ басшылығына қамқорлығы үшін алғысын айтып, ар-намыс пен қадір-қасиетті жоғары ұстанатындықтарына сендірді.

Салтанатты митинг соңында мектеп бітірушілерімен дайындалған шағын концерт қойылды. Құрметті қарауыл ротасының қысқартылған салтанатты есептеу дефилесінің көрсетілімі болды, № 68665 әскери бөлімі қоян-колтық күрестен өнерлерін паш етті. ҚР ҚМ орталық әскери ансамблінің кәсіби әртістері өнер көрсетті. Сондай-ақ қалыптасқан дәстүр бойынша мектеп бітіруші ұландар аққудай тізілген ақ көйлек киген арулармен вальс билеп шықты.

Міне, шарықтау сәті. 3 оқу ротасының ұланы Ануар Кушенов және № 79 орта мектептің 1 сынып оқушысы Сатбай Сағадат (мектептің әскери қызметшісі майор Оралхан Ерекешовтің ұлы) соңғы қоңыраудың сыңғырлаған үні соғылды.

Мектеп қабырғасына ғана емес, үлкен өмір табалдырығын аттауға соңғы қоңырау соғылуда. Мектеп бітірушілер арман-тілектерін жазған шарлар аспанға ұшырылды. Мектеп өмірінен қызықты естелік-суреттер мәңгілік жадында қалады. Соңғы қоңырау – бұл, дегенмен де үлкен мереке жаңа өмірлік кезең, белгісіз, бірақ қиыншылығы мен қызығы қатар жүретін ересек өмірге аяқ басу. Міне, соңғы қоңырау мерекесі мәңгі жарқын және қуанышты естеліктерімен есте қалсын.

Мектеп бітірушілерге ашық аспан, жақсы көңіл-күй, оқуда және еңбекте үлкен табыстар тілейміз. Мектебіміз ұландарға әрқашан да өз үйлеріндей болатынына сенімдіміз!

 


 

 

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер