Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Выпуск 2017!
Информация к новости
  • Просмотров: 1701
  • Автор: admin
  • Дата: 2-07-2017, 08:52
2-07-2017, 08:52

Түлек 2017!

Категория: Новости

 

2017 жылғы 23 маусымда сағат 10.00 генерал С.Қ.Нұрмағамбетов атындағы «Жас ұлан» республикалық мектебінің саптық алаңында дәстүр бойынша тәрбиеленушілердің мектеп бітіру рәсімі өтеді.

Мектептің салтанатты іс-шарасына құрметті қонақтар шақырылды: Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-майор Мұхтаров Талгат Сабитұлы, Қазақстан РеспубликасыҚарулы Күштері Бас штаб бастығының орынбасары тәрбие және идеологиялық жұмыстар департаментінің бастығы генерал-майор Таласов Мұхамеджан Қадіржанұлы, ҚР ҚК Бас штаб бастығының бірінші орынбасары генерал-майорХаликов Амир Каимбекович, Бас қолбасшының (ТжИЖ жөніндегі) орынбасары – тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыстар бас басқармасының бастығы генерал-майорАдырбеков Дулат Темиргалиевич, жауынгерлік дайындық бойынша департамент бастығы генерал - майор Абишев Тимур Кенесович, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Білім және ғылым департаментінің бастығы генерал- майор Сыздыков Бахтияр Омарович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Носоновский Геннадий Владимирович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Щацков Владимир Александрович, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің ардагері генерал-майор Нагуманов Марат СералиевичАстана қ. «Ауған соғысының ардагерлері және мүгедектер одағы» ҚҰ төрағасы Кожабеков Галым Касымжанович.

2017 жылы Республикамыздың 14 аймағы, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 158 тәрбиеленуші мектеп бітірді. Олардың арасында оқу үздіктері: ұландар Алмас Мейірбек, Амангалиулы Дінмұхамед, Абдикадыр Нұрболат, Ермуханов Галамат, Самиголла Бектур, Майлыбай Дінислам, Абышев Дәулет,Оразбекулы Ерлан, Татубай Бахытжан, Жамаш Пернебек, Кемел Руслан.

Түлектер арасында ұлан Оразбекулы Ерлан үздік аттестатқа ие болды

Осы оқу жылында Бірыңғай Ұлттық Тестілеудің орташа балы 3-ші оқу рота уландары 94,3 балл, 5-ші оқу ротасы 93,7балл. Жалпы мектеп бойынша нәтижесі орташа балы 94 балдық көрсеткішке ие болды.

Түлектер мектеп атынан қалалық, облыстық және республикалық жарыстарға спорттың барлық түрінен белсене қатысты, атап айтсақ Ресей Федерациясы Мәскеу қ. «Майские учения» әскери-спорттық ойындарға қатысушылар: Темир Данабек, Кушенов Анвар; Алматы қ. Әскери-спорттық ойындарға қатысқанӨскенбаев Дәулет (аралас күрес бойынша спорт шеберінің иегері), Капаров Алишер, Капен Азамат; ММА бойынша республикалық турнирдің қатысушысы және аралас күрестен спорт шеберінің иегері Тұрсынгазин Бейбарыс; 2016 жылғы «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынының қатысушылары қола жүлдегерлер: Трофимов Артем, Касенов Даулет, Алымбаев Улан (еркін күрестен республикалық турнирдің күміс жүлдегері, мини футболдан қалалық турнирдің күміс жүлдегері).

Қалалық конкурстар мен түрлі мерекелік іс-шараларға белсене атсалысқан ұландар: «Жас ұлан» патриоттық әнінің жүлдегері Рысбаев Мади, «Открытая сцена» фестивалінде 2 орын жүлдегері Турысжанов Ұлан, мектептің «Браво» КТК командасының қатысушылары бірнеше рет жүлделі орындарды иеленді, команда капитаны Жумагулов Алекс, Жунус Самат, Цхе Тимур, Абишев Жандос, Бахытжанов Аман, Бахытжанов Есен, Сериков Еркебулан, Ордабек Куаныш, Ордабек Куаныш,

Биология пәні бойынша республикалық олимпиадада 2-дәрежелі диплом жүлдегерлері Закиров Алишер, Абышев Даулет.

2017 жылғы мектеп бітірушілерге арналған салтанатты іс-шараны мектеп бастығы полковник Майкеев Мухтар Жалелович ашады.

Рәсім Кеңес Одағының батыры, Армия генералы, № 1 Халық қаһарманы тұңғыш Қорғаныс министрі С.Қ.Нұрмағамбетотың мүсініне гүл шоқтарын қоюдан басталады. Мектеп бітірушілер 5 оқу ротасының ұланы Айткалиев Темирлан, 3 оқу ротасының ұландары Аккисев Алдияр, Сабиров Тимурға гүл шоқтарын қою мәртебесі берілді.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер