Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
Информация к новости
  • Просмотров: 713
  • Автор: admin
  • Дата: 1-07-2017, 09:25
1-07-2017, 09:25

Айбын- 2017

Категория: Новости

 

2017 жылғы 13-17 маусым аралығында Қарағандыдағы «Спасск» оқу орталығының аумағында ТМД мемлекеттерінен 600 жуық жастар қатысқан Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 25 жылдығына арналған «Айбын-2017» әскери-патриоттық жастар жиыны өтті. Биыл үшінші мәрте өткізіліп отырған жиынға Халықаралық мәртебесі берілді. «Айбын» әскери-патриоттық жастар жиынын ұйымдастыруды Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі облыстық әкімдіктерімен бірлесе отырып, Астана, Алматы қалалары және «Айбын» жасәскерилер бірлестіктерінің республикалық штабы, Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі «Әскери-техникалық мектебі» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның Қазақстан жастары конгресінің қолдауымен жүзеге асырылды.

Жыл өткен сайын жиынның өту барысы мен бағдарламалары ерекшеленіп, өзгерістер енгізілуде. Жиын бағдарламасына көптеген әскери-қолданбалы жарыстар енгізілген:әскерилендірілген кросс және эстафета,пневматикалық винтовкадан ату,пейнтбол, аймақтардың және оқу орындарының таныстыру рәсімі, «Эрудит»зияткерлік ойыны, қатысушылардың жеке жетістіктері, «Менің роботым» атты байқау,"Worldoftanks"компьютерлік ойыны және"Голосящий Айбын" мега-арт фестивалі.

«Айбын-2017» халықаралық жиынының қорытындысы бойынша біздің мектептің ұландары III орынға ие болды!Жиын барысында ұландар өздерінің қабілеті менқатаң әскери күндердегі дайындығын танытып, төзімділігін, батылдықтарын көрсете білді! Барлық кедергілерден өтіп, командалық рух және жеке қасиеттерін нығайта отырып, ұландар мектебімізді намысын абыроймен қорғап шықты!!!

 

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *