Құрметті сайт қолданушылары! Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігіне қарасты "Жас ұлан" республикалық мектептеріне қабылдау қағидаларына өзгерістер енгізілгенін хабарлаймыз. Қабылдау қағидасының жаңа нұсқасымен "Қабылдау қағидасы" бөлімінде танысуыңызға болады
школа ЖасУлан » Новости » Первый звонок 2017-2018 учебного года!
Информация к новости
  • Просмотров: 1025
  • Автор: admin
  • Дата: 21-09-2017, 10:52
21-09-2017, 10:52

2017-2018 оқу жылындағы алғашқы қоңырау

Категория: Новости

 

2017 жылғы 2 қыркүйекте сағат 10.00-де «Жас ұлан» республикалық мектебінің саптық алаңында дәстүр бойынша алғашқы қоңырау соғылды. Салтанатты жиынға құрметті қонақтар ретінде ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары Нұрмаханов Бегім Нұржанұлы шақырылды.

Рәсім Кеңес Одағының батыры, Халық қаһарманы, Армия генаралы Сағадат Қожахметұлы Нұрмағамбетовтың ескерткішіне гүл шоқтары қоюдан басталды.

Алғашқы қоңырауға арналған салтанатты митингті мектеп бастығы Мұхтар Жәлелұлы Майкеев ашты. Құттықтау сөз ҚР ҚМ Білім және ғылым департаменті бастығының орынбасары Нұрмаханов Бегім Нұржанұлына берілді.

3 оқу ротасының ұланы Мухамет Нұржанат барлық тәрбиеленушілер атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығына қамқорлығы үшін алғыс айтты, ұланның ар-намысы мен қадір-қасиетін жоғары ұстайтындықтарын және табысты оқуға бар күш-жігерін жұмсайтындықтарына сендірді. Ал 1 оқу ротасының ұланы Нұртайұлы Айбар алғашқы қоңырауды соқты.

Салтанатты митинг соңында мектептің көркем өнерпаздарының шағын концерті көрсетілді. Соңынан сынып жетекшілері тәрбиеленушілермен «Мәңгілік ел» патриоттық акт аясында «Мен – өз елімнің патриотымын» атты тақырыпта бірыңғай сынып сағатын өткізді. Қонақтар мектептің оқу-материалдық базасымен, сондай-ақ ұландардың тұратын жайларының жағдайымен танысты.

 

Уважаемый посетитель, Вы зашли на сайт как незарегистрированный пользователь.
Мы рекомендуем Вам зарегистрироваться либо войти на сайт под своим именем.

Добавление комментария

Имя:*
E-Mail:
Комментарий:
Введите два слова, показанных на изображении: *

  • Министерство обороны РК
  • akorda.kz
  • Рәміздер